Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан 9 насос қондырғысы анықталды

Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан 9 насос қондырғысы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 12:54 Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан тоғыз насос қондырғысын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталған фактілер бойынша 9 әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы шамамен 1,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

"2025 жылдың басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы арнайы су пайдалануға рұқсаты жоқ 62 адамды анықтады. Бұл азаматтарға салынған айыппұлдың жалпы көлемі 12,7 миллион теңгеден асты", - деп мәлімдеді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тағы бір заңсыз су пайдалану жағдайын Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының қызметкерлері тіркеген. Онда негізгі су құбырындағы ақау мен су есептегіш құрылғының дұрыс жұмыс істемеуі анықталған.

Бұл дерек бойынша су пайдаланушыға айыппұл салынып, бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: