Алматылықтарға ыстыққа байланысты маңызды ескерту жасалды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда ауа райына байланысты өрт қаупінің бесінші класы енгізілді. Қалада құрғақ шөпті ору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 шілдеге дейін күн қатты ыстық болады – ауа температурасы +35…+39° аралығында сақталады.
"Қала маңында өрт қаупінің бесінші – төтенше класы тіркелді. Мұндай жағдайда кішкентай ғана ұшқынның өзі үлкен өртке ұласуы мүмкін", - деп мәлімдеді ведомство.
Қала әкімдігімен бірлесе отырып, 104 шақырым аумақта құрғақ өсімдіктер шабылып жатыр. ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына мынадай талаптарды сақтауға шақырады:
- құрғақ шөп маңында от жақпау, темекі шекпеу, шөп өртемеу;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу – бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспау;
- балаларды жабық көлікте қалдырмау;
- күн астында ұзақ болмау – қызып кету мен күн өту қаупі бар.
"Өрт салдарына себепкер болғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деп ескертті ТЖД.
Сонымен қатар департамент 2025 жылдың басынан бері құрғақ шөпті жырту және шабу шараларына қарамастан, қалада 300-ден астам өрт тіркелгенін айтты. Олардың кейбірі тау бөктеріндегі өртке ұласып, тұрғын үйлерге қауіп төндірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript