Жаңбыр жауып, күн салқындайды: Алматыда алдағы бір аптада ауа райы қандай болады

Жаңбыр жауып, күн салқындайды: Алматыда алдағы бір аптада ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 17:21 Сурет: pixabay
Алматыда алдағы тәулікте найзағайлы жаңбыр басталады. Соған байланысты келесі аптада қалада ауа температурасы төмендейді. "Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев Zakon.kz-ке 7 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 2-8 тамыз аралығында мегаполистегі аптап ыстық уақытша шегінеді. Тамыз айының алғашқы аптасының басында ауа температурасы +31°С-тан аспайды. Тек келесі жұма күні ғана ауа +34°С-қа дейін ыстық болады.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік антициклон ықпал етеді. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Солтүстік, шығыс, орталық өңірлер мен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда – нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады", - деп хабарлаған еді "Қазгидромет" мамандары.

Алматы бойынша 2–8 тамыз аралығындағы ауа райы болжамы:

2 тамыз: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соққан жел, кей кездері екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +17…+19°С, күндіз +29…+31°С.

3 тамыз: ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жел, екпіні 18 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +28…+30°С.

4 тамыз: ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жел, кей кездері екпіні 18-23 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +26…+28°С.

5 тамыз: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан басталып, солтүстік-шығысқа ауысатын жел 3-8 м/с, екпіні 18 м/с. Түнде +16…+18°С, күндіз +26…+28°С.

6 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел. Түнде +17…+19°С, күндіз +28…+30°С.

7-8 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел. Түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: