Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 2 және 3 тамыз

Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 2 және 3 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 17:30 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 543,17 теңге болып, 2,45 теңгеге қымбаттады.

Еуроның орташа сараланған бағамы 620,96 теңгеге дейін өсіп, 3,18 теңгеге артты.

Ресей рублінің орташа бағамы – 6,77 теңге.

Қытай юанінің орташа бағамы таңғы саудада 74,98 теңге болды (0,16 теңгеге төмендеді).

Валюта айырбастау пунктілерінде:

  • доллар 543,1-545,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр;
  • еуро – 620-624 теңге;
  • рубль – 6,59-6,71 теңге аралығында.

1 тамыз таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам:

  • доллар – 540,78 теңге;
  • еуро – 618,65 теңге;
  • рубль – 6,71 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: