Шілдеде жемқорлық істері бойынша тергеуден кейін мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды

Шілдеде жемқорлық істері бойынша тергеуден кейін мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 11:00 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2025 жылғы шілде айындағы жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, шілде айында ел бойынша 17 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Оның басым бөлігі пара алу (5 эпизод) мен пара беру (4 эпизод) жағдайларына қатысты.

Бұдан бөлек, билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану, алаяқтық, сондай-ақ жеке өмірге қолсұқпаушылықты бұзу фактілері де анықталған.


"Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген 113,6 млн теңге көлеміндегі залал өтелді. 619,1 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Ал сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін екі қазақстандық 471,84 мың теңге көлемінде сыйақы алды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шілде айында 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді, олардың басым бөлігі — алаяқтыққа қатысты (6 эпизод).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: