Жаңаөзен тұрғыны көлікті мас адамға бергені үшін 20 тәулікке қамалды

Жаңаөзен тұрғыны көлікті мас адамға бергені үшін 20 тәулікке қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 13:42 Сурет: pixabay
Жаңаөзенде көлік тізгінін ішімдік ішкен адамға берген әйел 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматша “Д.”-ға қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша, яғни көлікті алкогольдік мас күйдегі адамға басқаруға бергені үшін қаралды.

"2025 жылғы 22 қаңтарда Жаңаөзен қалалық сотының қаулысымен азаматша “Д.” ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ол көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйдегі "К." есімді азаматқа басқаруға берген", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Аталған құқықбұзушылық әйелдің түсініктемесімен қатар, әкімшілік құқықбұзушылық туралы электрондық хаттама және сот қаулысымен де расталған.

Тұрғын өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтқан.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін 20 тәулікке әкімшілік қамау көзделген. Сот айыпталушының шын жүректен өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жай ретінде қарады. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен "Д." кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды", - делінген шешімде.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін жол қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеулер Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкес қайта қаралғаны хабарланған болатын. Толығырақ ақпарат сайттағы материалда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: