Қазақстан бұқаларды экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартты

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 09:37 Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі 2025 жылғы 30 шілдедегі бірлескен бұйрығымен "Ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәтінде былай деп жазылған:

Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын шығаруға 2025 жылғы 30 қазанды қоса алғандағы мерзімге тыйым салу енгізілсін.

Бұған дейін құжатта жас бұқаларды экспорттауға үш айға тыйым салынған болатын, оның мерзімі 15 тамызда аяқталады.

Бірлескен бұйрық 2025 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан ірі және ұсақ малдың аналық басын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: