Қазақстанда салықтық берешектің шекті мөлшері белгіленеді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 15:59 Фото: freepik
Zakon.kz хабарлауынша, "Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.

Жобаның мақсаты – жаңа Салық кодексінің 5-бабы 4-тармақшасын іске асыру, атап айтқанда, салықтық берешектің шекті мөлшерін белгілеу. Бұл шектен асып кеткен жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданатын болады.

Ал егер салық төлеушінің берешегі белгіленген шекті мөлшерден аспаса, мұндай шаралар қолданылмайды. Бұл жағдайда тек салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі.

Жобаны бекіту келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • салық төлеуші мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы сенімділікті арттыру;
  • салық төлеушілердің қызметіне артық араласуды болдырмау;
  • салықтық берешекті өз еркімен өтеуге ынталандыру.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 22 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: