Жамбыл облысында жасөспірім досының жақ сүйегіне винтовкамен оқ атты

Жамбыл облысында жасөспірім досының жақ сүйегіне винтовкамен оқ атты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 18:04 Сурет: pixabay
Жамбыл аудандық соты досының жақ сүйегіне винтовкадан оқ атқан жасөспірімге қатысты істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін кәмелетке толмаған жасөспірімге айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Себебі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 485-бабы, 1-бөлігіне сәйкес бұл жағдай қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.

Сот барысында Т. есімді жасөспірім достарымен бірге әкесіне тиесілі пневматикалық винтовканы алып, бөтелкелерге атып ойнағаны анықталды. Ату кезінде Т. нысанаға дәл тимей, досы М. бөтелкені түземек болған сәтте абайсызда шүріппені басып қалып, досының жақ тұсына оқ тигізген.

Сот отырысында кәмелетке толмаған Т. өз кінәсін толық мойындады. Ал жәбірленуші жасөспірім ешқандай шағымы жоғын айтып, шешімді соттың қарауына қалдырды.

"Адвокат Т.-ның әрекетінде ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін айтып, ең аз айыппұл салуды сұрады", - делінген сот хабарламасында.

Криминалист маманның қорытындысы бойынша, Cometa 300 маркалы пневматикалық қару жаттығу атуына арналған, атыс қаруы болып есептелмейді.

Кінәні мойындауы, жасының кәмелетке толмауы және өкінуін ескере отырып, сот Т.-ға ең төменгі мөлшерде – 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салуға шешім қабылдады.

Тәркіленген пневматикалық қару иесіне қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: