Желіде білім грантын жеңіп алған түлектердің видеосы тарады

Желіде білім грантына түскен түлектердің видеосы тарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 22:56 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 7 тамызда Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі жарияланды. Сол күні еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған түлек нәтижелерін тексеріп, қуаныштарын әлеуметтік желілерде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде тараған видеоларда жасөспірімдер көз жасын әрең ұстап, ата-аналарын құшақтап, қуанышын жасыра алмай жатыр. Үлкендер де өз эмоциясын бүге қоймаған.

Әсіресе, ата-аналар, әжелер мен аталар түлектермен бірге тізімді тексеріп жатқан сәттері ерекше әсерлі көрінеді. Көпшілігі жылап, күліп, мақтаныш пен алғыс сезімін білдіріп жатыр.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025-2026 оқу жылына арналған грант иегерлерінің тізімі жарияланған соң, талапкерлер мен ата-аналарға үндеу жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: