Найзағай, бұршақ, дауыл, ыстық: 10 тамызда қай өңірлерде ескерту жасалды
Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 10 тамызда найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 10 тамызда түнде найзағай күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 10 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады
Ақмола облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі. Тараз қ.: 10 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 10 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 10 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 10 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.