Барлық балабақшалар жаңа қаржыландыру жүйесіне көшіріледі

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 11:02 Фото: pexels
2025 жылғы 12 тамызда өткен Үкімет отырысында Оқу министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы барлық балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне толық көшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылында еліміздегі 11 800 мектепке дейінгі ұйымдарда миллионнан астам бала тәрбиеленіп, білім алады.

"Жыл басынан бері балабақшаларды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында сәтті жүзеге асырылды. Пилоттық кезеңде 461 мың ваучер берілді, балабақша кезегі 93 мың балаға қысқарып, жергілікті бюджеттен 7,7 млрд теңге үнемделді", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап жылдың соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толық ваучерлік жүйеге көшіріледі.

Сондай-ақ министр былай деп толықтырды:


"135 балабақшада 7 мыңнан астам бала "Тілге бойлау" жобасы аясында мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын арттырды. Сонымен қатар отбасылық жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларды дамытуға бағытталған "Бестен бұрын" жобасы жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесіне кеңінен енгізіледі. Қыркүйек айында балаларды еңбекке ерте жастан баулуға арналған жаңа пилоттық жоба басталады. Ол 100 балабақшаны қамтып, шамамен 12 мың баланы қамтиды", – деді министр.

2025 жылғы 5 тамызда кейбір атаулы әлеуметтік көмек

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: