АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды

2025 жылғы 12 тамызда АҚШ-та жүрген және осы елдің визасына ие қазақстандықтарға ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 15:26 Сурет: pexels
2025 жылғы 12 тамызда АҚШ-та жүрген және осы елдің визасына ие қазақстандықтарға ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы виза талаптары мен елде болу мерзімін қатаң сақтауға шақырды.

"I-94 формасының (АҚШ-қа заңды кіргенін және елде болу мәртебесін растайтын құжат – ред.) мерзімі өткен соң елде қалу визаның жойылуына, елден депортациялануға және болашақта виза беруден бас тартуға әкелуі мүмкін. Елде болу мерзімін бұзу – АҚШ-қа саяхаттау, оқуға түсу немесе жұмыс істеу мүмкіндігіңізге теріс әсер етуі мүмкін", – делінген ескертуде.

Айта кетейік, маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі виза алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде нені ескеру керек екенін түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: