Қазақстандық саудада доллар құлдырады

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 16:07 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,49 теңгеге төмендеп, 542,29 теңге болды.

Рубль бағамы 6,80 теңге (-0,0052).

Таңғы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 75,49 теңгені (+0,20) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 542,5-544 теңге, еуро 629,5-633 теңге, рубль 6,68-6,79 теңге аралығында сатылуда.

12 тамызда әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.

Brent маркалы мұнайдың бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,50%-ға өсіп, барреліне $66,96 құрады.

Сондай-ақ West Texas Intermediate (WTI) шикі мұнайының бір баррелінің бағасы 0,38%-ға өсіп, 64,20 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 542,66 теңге, еуроны 631,98 теңге, рубльді 6,77 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: