Өз ауласына көмген: Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін 20 жылға сотталды

Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіргені және оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 21:14 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының ҚІЖМА соты, ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен - адам өлтіру, 287-бабының 3-бөлігімен - оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау бабымен айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтағаны

27 маусым 2025 жылы Жетісай ауданы Алғабас ауылында сотталушы Т. жанжал кезінде жәбірленуші А.-ны жіппен қылқындырған. Нәтижесінде жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Қылмысын жасыру үшін, Т. мәйітті өз үйінің ауласында көмген.

Сондай-ақ, сотталушы Т. өз үйінде ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының 32-дана оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған.

Дәлелдер

Сотталушының кінәсі, қылмысты мойындаған жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор – Т.-ны бұрын соңды аса ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы Т. кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот, Т.-нің кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай деп танып, ал ауырлататын мән-жайға қылмыстың қауіпті қайталануын таныды.

Сот үкімі

11 тамыз 2025 жылы сот үкімімен Т.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ 10 млн. теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: