Оқушы қызға азғындық жасаған көпбалалы мұғалім сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 11:03 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында ҚР ҚК-нің 124-бабының 2-бөлігімен айыпталған көпбалалы мұғалімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облыстық сотының мәліметіне сүйенсек, ер адам Қазығұрт ауданында орналасқан жалпы білім беру мектебінің бірінде дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарған.

"Ол өзіне балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген адам бола тұра, 20 қаңтар 2025 жылы, өзінің автокөлігінде, 2010 жылы туылған жәбірленушіге күш қолданбай азғындық әрекеттерді жасаған",- делінген мәліметте.

Прокурор сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өзінің әрекетін жеңіл бапқа қайта ауыстыруды сұрады.

Осылайша, сот оны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: