Қазақстандықтардың арасында кімдер мемлекеттен 1,5 млн теңге ала алады

Биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 10:52 Фото: freepik
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Бұл жайлы бүгін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам жіберілді, оның ішінде жұмыспен қамтылды:

  • әлеуметтік жұмыс орындарында 11,5 мың адам,
  • жастар практикасында 9,1 мың адам,
  • қоғамдық жұмыстарда 91,7 мың адам,
  • "Күміс жас" жобасы аясында 14,8 мың адам,
  • "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 2,6 мың адам,
  • "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 90 адам.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 48,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 45,3 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, ведомство қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 224,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алғандығын атап өтті.

Министрлік азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын қоса айтты.

Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген.

Бірінші лекте 4,2 мың грант берілді.

11 тамыздан бастап "Business.Enbek" порталында 2-лекке үміткерлерден өтініштерді қабылдау басталды.

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы қайта бөлінгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: