Алматыда 85 жастағы кейуана ҰБТ тапсырып көрмек болды

Алматыда 85 жастағы кейуана ҰБТ тапсырып көрмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 18:34 Сурет: ашық дереккөз
Алматыда 85 жастағы кейуана ҰБТ тапсыруға талпынып көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрихан апа бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнағанын және кезінде жоғары білім ала алмағанын айтты.

Биыл ол университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруге шешім қабылдаған. Туысқандары оны қолдап, тіркеуден өтуіне көмектескен.

Емтихан басталар алдында Нұрихан апа барлық талапкерге бата беріп, сәттілік тілеп, білім алуға және білімге ұмтылуға ешқашан кеш емес екенін еске салды.

Алайда тестілеуден өтуіне компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы кедергі болды. Дегенмен, Нұрихан апа міндетті түрде үйреніп, келесі жылы ҰБТ-ға қайта келетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: