Өскеменде өрттен 89 жастағы кейуана зардап шекті
Сурет: pixabay
Өскеменде Пермитин көшесінде өрт болды. Төтенше жағдай кезінде 89 жастағы кейуана жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері мекенжайға дереу жетті. Өрт үшінші қабаттағы пәтерден шыққанын анықталды, деп жазды YK-news.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер өз пәтерінде ес-түссіз жатқан күйде табылған.
"Өрт сөндірушілер оны түтін аймағынан алып шығып, тыныс алу аппараттарынан оттегі беріп, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне отырғызып, медициналық мекемеге жеткізді", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript