Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде пәтерлердің бірінен өрт шығып, бір адам зардап шекті

Өскемен, өрт, пәтер, ШҚО ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 15:41 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде 26 сәуір күні көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Қ. Бітібаева көшесіндегі 2-қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтінді байқаған куәгерлердереу өрт сөндіру қызметіне хабарлаған, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт жоғары қабаттардың балкондарына тараған. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті жауып тастаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде келді.

"Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек, тағы екі бала бар.​ Кейбір тұрғындарды көтеріп шығарды. Құтқарушылар бес азаматқа түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмектесті. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді... Жалын шамамен 5 балконды шарпыды".​ ​ ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

​ ​55 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндіру үшін 40 минут кеткен.

"Өрттің алдын-ала себебі - темекі шегу кезінде өртті абайсыз пайдалану".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өртпен күреске жеке құрамның 19 адамы мен 6 техника жұмылдырылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: