Өзбекстандағы әскери қоймадағы жарылыстан 16 адам зардап шекті
Сурет: Telegram/mudofaavazirligi
Сырдария облысының Мәлік ауылында орналасқан Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында жарылыс болып, 16 адам зардап шекті. Олар Сырдария облысындағы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.
Бес азамат Сырдария аудандық медициналық бірлестігінің қабылдау бөлімінде емделсе, жетеуі амбулаторлық ем алды. Сондай-ақ Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында төрт науқас стационарлық бақылауға алынды, – делінген хабарламада.
Ведомство зардап шеккендер арасында ауыр жараланғандар мен ауыр халде жатқан науқастар жоқ екенін айтты.
22 қазан күні таңертең Өзбекстанның Сырдария облысында әскери қоймада жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript