Австралияда алапат тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті
Сурет: pixabay
Австралияның оңтүстік-шығыс аймақтарында алапат тасқыннан мыңдаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дегенмен, олардың бір бөлігі эвакуация туралы ескерту әлі сақталып тұрса да, үйлеріне оралып жатыр.
Соңғы күндері Мельбурнды және Виктория, Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарының айтарлықтай бөлігі мен Тасмания аралын топан су жайлап, көшелер өзенге айналды, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл аймақтарда жауын апталап жауған. Австралияның ауа-райы бюросының болжамынша, осы штаттардың кейбір аудандарында тағы жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан, жергілікті билік қауіпсіз жерге көшу туралы дабылды доғармай отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript