ҚМА Қазақстандағы ең ірі онлайн-наркошоптарды әшкереледі

ҚМА Қазақстандағы ең ірі онлайн-наркошоптарды әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 19:20 Сурет: pexels
Қаржы мониторингі агенттігі айналымы 25 млрд теңгеден асқан 50 онлайн-наркошоптың жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 13 тамыздағы мәліметінше, транзакциялар бойынша толық деректері бар материалдар ІІМ, ҰҚК және прокуратураға берілген. Сонымен қатар онлайн-дүкендер арқылы есірткі сатып алған шамамен 40 мың адам анықталған.

“Алдын алу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп, дроп-карталарды анықтаудың тиімді тетігі құрылды. Нәтижесінде 20 мыңнан астам карта бұғатталды. Банктер 8 мың клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатты. Есірткі саудасынан түскен 2 млрд теңгеден астам қаражат шоттарда бұғатталды”, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге есірткі саудасына қатысы бар 3 мыңнан астам крипт әмиян анықталып, 11,5 млн АҚШ доллары бұғатталған.

“Заңсыз жолмен алынған, оның ішінде есірткі табыстарын «жууға» пайдаланылған 130 заңсыз криптообмен пункті (64 қылмыстық іс) жойылды. ТМД елдеріндегі 50-ден астам жергілікті дүкен мен 20 ірі жеткізушінің қызметі тоқтатылды”, - деп қосты агенттік.

Сондай-ақ кейінгі 1,5 жылда есірткіні заңсыз айналымға енгізудің 225 дерегі анықталып, 118 келіден астам есірткі және психотроптық заттар (соның ішінде 4,5 кг синтетикалық есірткі), 217 мың дана күшті әсер ететін дәрі-дәрмек («анаболикалық стероидтар») тәркіленген.

Биылдың өзінде халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі жеткізудің төрт арнасы жабылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: