Қазақстандық өзінің "бар" екенін сотта дәлелдей алды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, паспорт , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 14:28 Фото: gov4c.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны өзінің туу фактісін және туыстық фактісін дәлелдей алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2025 жылғы 15 тамызда Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Сотпен анықталғаны: Арызданушы А. 8-ақпан 1994 жылы Бөген ауылында орналасқан ауруханада туылған. Ата-анасы Д. мен А. тиісті түрде құжаттарды рәсімдемегеніне байланысты туу туралы куәлік құзырлы мекемемен берілмеген.Арызданушы осы күнге дейін тек мектепті бітіргені жөнінде аттестат алған",- делінген ақпаратта. 

Азаматтың бүгінгі таңда отбасылы екені, азаматтық некеде төрт балалары бар екені белгілі болды.

"Факті куә Д. мен А.-ның жауаптарымен, «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өкілінің қорытындысымен, куәлердің түсініктемелерімен, «Медикал Геномикс» ЖШС-нің қорытындыларымен дәлелденді. Сот, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 28 маусым 2002 жылғы №13 санды «Заңдық маңызы барфактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысының 6), 12) тармақтарын, АПК-нің 65-бабын, 305-бабының 2-бөлігінің 3) тармағынназарға алып, арыз беруші бұл фактіні соттан тыс тәртіппен анықтай алмайтынына байланысты және соттың шешімі өзін және балаларын құжаттандыру үшін қажет екенін ескеріп, 20 маусым 2025 жылы Ордабасы аудандық сотының шешімімен А.-ның арызынтолық қанағаттандырды". Түркістан облыстық соты

Шешім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: