"Реал" ойыншысы қазақстандық бозбалаға өзінің киімін сыйға тартты

Реал Мадрид, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 11:16 Сурет: Instagram/realmadrid
30 қыркүйекте "Реал" клубының бір ойыншысы "Қайрат" командасының болбойына (доп жинаушы) өзінің жейдесін сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports басылымының мәліметінше, бұл қайырымды қадам ойын алдындағы қыздыру жаттығуынан кейін жасалған.

"Жігіт сол сәтте достары үшін кештің басты кейіпкеріне айналды!" – делінген әсерлі бейнежазбаның сипаттамасында.
"Жарайсыңдар! Футболшылар үшін бұл жай ғана форманың бір бөлігі болса, ал ол жігіт үшін – өмір бойына ұмытылмас оқиға мен сәттіліктің қуаты", – деп жазды пікір қалдырушылар.

Пікірлерге қарағанда, матчтан кейін "Реал Мадридтің" сол қапталдағы қорғаушысы Фран Гарсия да бейтаныс жанға өз жейдесін сыйлаған. Қарымтасына жанкүйерлерден бұл спорттық жәдігерлерді сатпау сұралды.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлердің бірі Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: