Павлодарда бос жүрген сиыр төрт жасар қызды жарақаттады: иесі жауапқа тартылды

Павлодарда бос жүрген сиыр төрт жасар қызды жарақаттады: иесі жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 19:26 Сурет: pixabay
Павлодар облысы Қалқаман ауылында ойнап жүрген бүлдіршінге иесіз жайылып жүрген сиыр шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнына жүгіріп келген көршісі жануарды қуып, қызды құтқарған.

Дереу жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, баланың өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ірі қара малдың иесі анықталып, малды қараусыз жіберу ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жәбірленуші отбасы материалдық және моральдық шығынды өндіру үшін сотқа жүгіну құқығын сақтап қалды.

"Мал иелері малды қараусыз қалдырмауға тиіс. Жайылымды ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарап, бар мал басын ауыл әкімдігінде тіркетіп, таңбалау немесе чиптеу жұмыстарын жүргізу қажет", - деп ескертеді полиция қызметкерлері.

Статистикаға сүйенсек, биыл облыста малды қараусыз жайғаны үшін шамамен мыңға жуық мал иесі жауапқа тартылған. Арнайы қораларға 14 мыңнан астам иесіз мал қамалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: