ІІІ Чарльздің жағдайы күрт нашарлаған
Сурет: Instagram/theroyalfamily
Ұлыбритания королі, қатерлі ісікке шалдыққан ІІІ Чарльздың денсаулығы соңғы айларда күрт нашарлағаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дереккөздер не дейді
Бұл туралы Radar Online порталы белгісіз дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Уайымға себеп болған жайт – монархтың кейінші кездері жиі таяқ ұстап шығуы.
"Таяқ – бұл жай ғана дәстүрлі корольдік аксессуар емес, ол қажеттілікке айналды", - дейді басылым тілдескен дереккөз.
Қозғалысы қиындаған
Мақалада британ монархының Норфолктегі резиденция аумағында жүруі қиындап кеткені айтылады. Сондай-ақ ауруынан туындаған ауырсынуды бәсеңдету үшін ол кейде алкоголь ішетіні жазылған.
Шаршаңқылық байқалған
Шілде айында корольге жақын адамдар оның қатерлі ісікке қарсы емделу кезінде тығыз жұмыс кестесінен қатты шаршағанын атап өтті. ІІІ Чарльз денсаулығы мүмкіндік бермесе де, жұмысын көбірек атқарғысы келеді және жеңілдік жасағысы жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript