Мемлекет басшысы Халықаралық жастар фестивалі қатысушыларына үндеу жасады

Монумент Независимости Казахстана, монумент независимости РК, символ независимости, площадь Республики, Золотой Человек, Центральный Государственный музей РК, Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, весна в Алматы, лето в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 09:05 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
18 тамызда Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Фестивальдің салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегіне сүйенсек, іс-шара барысында қалаға "2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы" мәртебесі берілді.

"Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде, төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы саналады. Бүгін асқаралы Алатаудың баурайында түбі бір түркі жұртының білімпаз, дарынды әрі белсенді жастары бас қосып отыр. Іргелі іс-шара аясында жаңа достар тауып, тың идеялар мен жобаларды жүзеге асырасыздар деп сенемін. Өрендеріміздің бірлігі бекем болса, түркі әлемінің тұғыры мығым, болашағы жарқын болары сөзсіз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан бауырлас халықтардың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсететінін атап өтті.

"Біз елдеріміздің арасындағы жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән береміз. Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуі, Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы және Алматының Түркі жастарының астанасы атануы – соның айқын дәлелі", – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өз сөзінде министр Аида Балаева Алматының мәдениет пен ғылымның, білім мен инновацияның тоғысқан орталығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, қала бүгінде түркі әлемінің жас көшбасшылары мен шығармашыл өкілдері үшін жаңа идеялар мен серіктестіктің ордасына айналуда.

"Бүгін біз Түркі әлемінің жастар астанасы атағын Ленкорань қаласынан қарқынды дамып келе жатқан Алматы қаласына табыстау сәтінің куәсі болып отырмыз. Бұл қадам – ортақ құндылықтарымыздың сабақтастығын, сондай-ақ болашақ Түркі әлемін қалыптастырудағы жастардың өсіп келе жатқан рөлін айқын көрсетеді.Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласына бұл мәртебе Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жастар және спорт министрлерінің 8-ші отырысының шешімі негізінде берілген болатын. Қаланың заманауи мәдени өмірі, белсенді білім беру мекемелері және ынталы жастары – Түркі әлемінің жаңа буынының рухы мен әлеуетінің айқын көрінісі" – деп атап өтті салтанатты шараға арнайы қатысқан ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала жастарының лебізімен бөлісіп, Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы екенін айтты.

"Алматы – түркі елдерінің жастары бас қосатын, ортақ мұраттар тоғысатын, мәдениетіміз бен дәстүріміз жаңғыратын үлкен ортаға айналуда.Бұл мәртебе – тек атақ емес, болашаққа деген уәде. Түркі жастарының дауысы осы Алматыдан естіліп, идеялары бастау алып, достығы осы шаһарда бекісін!" – деді.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Салтанатты іс-шара аясында бауырластықтың, сенім мен жаңа мүмкіндіктердің нышанына айналған жастар астанасы кілтін 2024 жылғы жастар астанасы – Ленкорань қаласы, Әзербайжан елінің өкілдері Алматы жастарына табыстап, бауырластық эстафетасын жалғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: