Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Алматыға табысталды

Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті. Аталған жиында "Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы" атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript