Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан – Түркі әлемінің атажұрты

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті, Түркі елдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 12:55 Сурет: Zakon.kz
11 қарашада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Түркі әлемінің атажұрты саналатынын" тілге тиек етті.

Өздеріңізбен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән береміз. Сондықтан, ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз.Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі Академиясы сияқты ұйымдар Қазақстанның бастамасымен құрылғанын атап өтті.

"Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосып отыр" – деді Мемлекет басшысы.

Саммит барысында Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: