Тоқаев Ердоғанның еңбегін атап өтті
Сурет: akorda.kz
11 қарашада Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның сіңірген еңбегін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президенті «Бірлігіміз күн сайын нығайып келеді» деді.
Соның арқасында Түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артты. Түркия Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым – Режеп мырзаға алғыс айтамын, деді президент.
Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Мемлекет басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript