Жаңалықтар тізбегі
0

11 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының Стратегиясы қабылданады

Стратегиялық құжат қабылданады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 12:23 Сурет: Zakon.kz
11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан түркі мемлекеттерінің достық және тату көршілік қарым-қатынастарын нығайтуға және кеңейтуге зор үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның жарқын мысалы – «Түркі әлемінің болашағы – 2040» бағдарламалық құжаты. Бүгін оны жүзеге асыру мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымының Стратегиясы қабылданады.

Бұл құжат өзара іс-қимылды нығайтуға және мемлекеттерімізді біріктіретін тұрақтылық белдеуін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан біздің ынтымақтастығымыз табысты болады деп айтуға толық негіз бар. Аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге белсене араласа отырып, біз қуатты да беделді күшке айналуымыз керек. Қазіргі геосаяси және геоэкономикалық қайшылықтар Еуразия континентінің экономикасы мен көлік-логистикалық жүйесіне кері әсерін тигізуде. Біз барлық сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұру үшін ынтымақ танытуымыз керек

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: