Тоқаев "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынды
Сурет: Zakon.kz
11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде маңызды басымдықтардың бірі «жасыл экономиканы» дамыту екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы саладағы капитал нарығын кеңейту үшін Қазақстан Президенті «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынды. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады.
Оның айтуынша, климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отыр.
Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. Оның экологиялық салдары елдеріміздің өркендеуіне кедергі келтіреді. Әлем елдері соңғы 7 жылда «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript