Президент 2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасы өтетінін айтты
Сурет: akorda.kz
11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде ІІ Түркі универсиадасы 2023 жылы Қазақстанда өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Президенті оны Түркі университеттері одағы аясында өткізу жөнінде ұсыныс айтты.
"Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға жағдай жасауымыз керек" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет екенін атап өтіп, 2023 жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Президенттің сөзінше, бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript