Тоқаев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы қандай ұранмен өтетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде сөйлеген сөзінде түркі бірлігін таныту үшін Қазақстанның төрағалығы "ТҮРКІ ДӘУІРІ!", яғни "TURKTIME!" ұранымен өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатқанын айты келіп, "ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы" екенін атап өтті.
"Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі. Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отырі. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қазақстанның төрағалығы "TURKTIME!" ұранымен өтетінін мәлімдеді.
"Түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз "ТҮРКІ ДӘУІРІ!", яғни "TURKTIME!" ұранымен өтеді. Осыған орай, салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy)" атты сегіз мәселеге басымдық береміз". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл басымдықтар ұйымның 20-саммитіне дейінгі он жылды қамтитын қысқа және орта мерзімге арналған. Соның аясында мынадай шаралар атқаруды ұсынамын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript