Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында 31 жылқы ұрланды

 Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында 31 жылқы ұрланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 18:35 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полицейлер бірнеше мал ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында 31 жылқы ұрланған. Осы қылмысқа күдікті ретінде 42 және 22 жастағы екі азамат құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 17 млн теңгеге жуық.

Күдіктілерге қатысты мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, мал ұрлығының елеулі бөлігі малды қараусыз, бақылаусыз жаюдан туындайды.

"Малды көбіне бақташысыз, еркін жайылымға жібереді. Иелері жоғалғанын аңғарғанда, мал жайылымнан алыс кетіп қалды деп ойлап, өздері іздеуге кірісіп, уақыт жоғалтады. Ал ұрыларды ұстау мен ұрланған малды қайтаруда алғашқы сағаттар шешуші рөл атқарады", - деп атап өтті ведомствода.

Полиция ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуына ерекше көңіл бөлуге, оларды қараусыз қалдырмауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: