Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды

Қазақстан мен Қырғызстан  мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 13:15 Сурет: akorda.kz
ҚР Республикасы президентінің келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 22 тамызында Ақорда мәлімдеді.

"Ресми делегация мүшелері екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша Жол картасы және басқа да үкіметаралық, ведомствоаралық құжаттармен алмасты",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі жетінші отырысының шешімдеріне қол қойды.

Айта кетейік, 21 тамызда Манас халықаралық әуежайына ұшып келген мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өзі қарсы алған болатын. Мемлекет басшысы 22 тамыздағы ресми сапарын "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден бастағынын жазғанбыз. Артынша, президент Шыңғыс Айтматовтың рухына Құран бағыштады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: