Қырғызстанда жоғалған альпинист әйел қаза болды деген болжам айтылды

Қырғызстанда жоғалған альпинист әйел қаза болды деген болжам айтылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 12:47 Сурет: Zakon.kz
Қырғызстанның ТЖМ мәліметінше, Жеңіс шыңында қалып қойған 47 жастағы ресейлік альпинист әйел қаза тапқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 23 тамызда республиканың ТЖМ баспасөз қызметінің жетекшісі Адил Чаргынов "Известия" басылымына хабарлады.

"Растаймын. Оның қаза болғаны туралы болжамды біздің барлық сарапшы айтты", - деді ол.

Сондай-ақ Наталья Наговицинаға қатысты іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Альпинистің Жеңіс шыңында қалып қойғаны 2025 жылғы 19 тамызда белгілі болды. Ол түсіп келе жатқанда аяғын сындырып алған және 11 күн бойы биіктікте болған.

22 тамызда альпинист әйелді құтқару операциясы құтқару тобы жетекшісінің денсаулығы нашарлап кетуіне және қолайсыз ауа райына байланысты тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: