Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды

Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2025 13:55 Сурет: pixabay
Түркістан облысында "Үлкен Тұра" шыңын бағындыруға шыққан алты турист аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Шымкент қаласының тұрғындары — үшеуі ер адам, үшеуі әйел адам — Бәйдібек ауданындағы шыңға аттанған. Белгіленген уақытта оралмаған соң, туыстары құтқарушыларға хабар берген.

"Құтқарушылар "Сырдария–Түркістан" өңірлік табиғи паркі аумағында іздеу жұмыстарын жүргізді. Олар шамамен 4 шақырым таулы аймақпен және 1 шақырым өзен бойымен жүріп өтті", - деп хабарлады ТЖМ.

Топ түнгі уақытта табылды.

Белгілі болғандай, туристердің бірі — әйел адамның аяғы сынған, сондықтан қалғандары оны өз күштерімен тасымалдай алмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: