Түркістан облысындағы тауларда жоғалған екі туристің бірінің денесі табылды, екіншісі аман-есен құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ведомство мәліметінше, 1 қыркүйекте 112 пультіне 31 тамызда Шымкенттен Түркістан облысы тауға шыққан 1996 және 1997 ж.т. екі жас жігіттің жоғалып кеткені туралы туысынан хабарлама келіп түсті. Өтініш келіп түскеннен кейін іздестіру-құтқару іс-шаралары дереу басталды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Іздеу жұмыстары Сайрамсу шыңы ауданында теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте, "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында, Қасқасу ауылынан 8 км жерде жүргізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары қол жеткізу қиын және қауіпті таулы жерлерде жүргізілді. "Ізгі ниет" асуы ауданындағы операция барысында ТЖМ құтқарушылары туристердің бірімен дауыстық байланыс орнатты. Оның хабарлауынша, екінші қатысушы 1996 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы шатқалдан құлап, қайтыс болды",- делінген ақпаратта.
Ведомство күрделі рельеф пен жартасты рельефке байланысты тікұшақ оқиға орнына жақындай алмағанын, сондықтан құтқару тобы жаяу жүруге мәжбүр болғанын айтты.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Құтқарушылардың бастамасы бойынша Шымкенттегі базадан Қазақстан альпинизм федерациясының бес кәсіби альпинисті жеткізілді, олар құтқарушылармен бірлесіп іздеу және эвакуациялау жұмысын жалғастырды. Альпинистер арнайы жабдықты пайдаланып, жартастарға көтеріліп, тірі қалған бір туристті, сондай-ақ қайтыс болған адамның денесін тапты. Жәбірленуші мен дене төмен қарай тасымалданды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқарылған адам туыстары күткен таудың етегіне атпен эвакуацияланды. Марқұмның денесі де түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.
"Құтқару операциясына ТЖМ жеке құрамының 18 адамы және 5 бірлік техникасы, Орман шаруашылығы, полиция бөлімшелері, Қазақстан альпинизм федерациясының альпинистері, сондай-ақ ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттары мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды",- деп қорытындылады ведомство.
Бұған дейін Ақтөбеде есірткіге мас жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.