Қарағанды облысында далада адасып кеткен ер адам табылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Нұра ауданында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұра ауданында сағат 09.46-да құтқарушылар қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.
17 ақпанда (туыстарының айтуынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.
18 ақпанда сағат 07.30-да ТРЕКОЛ көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен.
Ер адам 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, адасып қалған. Ол бес күннен кейін үйіне оралды. Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру жұмыстарына МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағын пайдаланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript