Мәскеудегі Орталық балалар дүкенінде жарылыс болды
Сурет: t.me/dzdmos /tass_agencу
Ресей астанасындағы Орталық балалар дүкені ғимаратында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқиға газ баллонының герметизациясы бұзылуы салдарынан болған.
Үш адам зардап шекті: екеуі ауруханаға жеткізілсе, біріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар бір адамның қаза тапқаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта Лубянкада орналасқан орталық маңындағы аумақ қоршауға алынды", - деп жазды агенттік.
Еске салайық, бұған дейін Калифорнияда отшашу сақталған қойма өртеніп, жойқын жарылыс болғанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript