Қазақстанның екі өңірі тұрғындарына дүйсенбіде қатты ыстық туралы ескерту жасалды

Қазақстанның екі өңірі тұрғындарына дүйсенбіде қатты ыстық туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2025 16:50 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 25 тамызға арналған ауа райы мен қауіпті құбылыстар туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі күні елдің батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс өңірде бұршақ пен екпінді желмен қатар нөсер жаңбыр жауады.

"Батыс антициклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, шығыста және оңтүстікте жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет".

Күндіз Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болжанып отыр. Мұнда ауа температурасы тиісінше +36°С және +38°С дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: