Ұлттық банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарды

Ұлттық банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 18:43 Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
27 тамыздан бастап Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық күміс монеталардың сатылымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ" коллекциялық монеталары сатыла бастайды.


Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

"Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана", - делінген банк таратқан хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: