Алматы көшелеріндегі шектеулер қашан алынады? Әкімдік нақты мерзімді атады

Алматы көшелеріндегі шектеулер қашан алынады? Әкімдік нақты мерзімді атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 19:19 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды инженерлік желілердің құрылысы және қаланың жүйелері мен инфрақұрылым нысандарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңесте инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету іс-шаралары қаралды. Су және энергетика басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай су құбыры мен кәріз желілеріндегі жөндеу жұмыстары туралы баяндады.

"25 тамыздан бастап Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Сәтпаев – Байтұрсынұлы, Бұқар жырау – Марков және Бекмаханов көшелерінде көлік қозғалысы ашылды. 1 қыркүйекке дейін Лавренев пен Ғабдуллин көшелерінде қозғалыс қайта жанданады. Ал Жамбыл және Жароков көшелерінде қозғалыс 7 қыркүйекке дейін ашылады", - деді Нұрбақыт Серікбай.

Сонымен қатар кеңесте "Тамарикс", "Сакура" және "Алтын Сити" тұрғын үй кешендеріндегі мәселелер қаралды. Бұл жерде құрылыс компанияларымен бірлесіп жылу қазандықтарын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды иесіз модульдік қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, жауапты мекемелердің болмауы жылумен қамтуда ақауларға әкелмеуге тиіс.

Бұдан бөлек, мердігер ұйымдармен өзара жұмыс мәселелері талқыланды. Әкім қазылған жерлердегі жол жабындысын қысқа мерзімде қалпына келтіруді міндеттеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: