Степногорск ЖЭО-дағы жазатайым оқиға: бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Степногорск ЖЭО-дағы жазатайым оқиға: бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 21:01 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында ЖЭО аумағындағы жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығы аумағында болған жазатайым жағдай салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үшеуі монтаж жұмыстары кезінде жарақат алды.

Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті хабарлады.


"Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары трагедияға әкелген барлық мән-жай мен себептерді анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген департамент хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: