Фитозертханаға айналған жертөле: Қостанайда тұрғынның үйінен 16 түп қарасора тәркіленді

Фитозертханаға айналған жертөле: Қостанайда тұрғынның үйінен 16 түп қарасора тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 18:20 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар барысында қаладағы шағын аудандардың бірінде үй жағдайындағы фитозертхана табылды. Жеке үйдің жертөлесінде ер адам каннабис өсіруге арналған бүтін бір жүйе ұйымдастырған. Ол жерде қосымша жарық беретін шамдар, желдеткіштер, ауаны ылғалдандырғыш, термометр, қуат көздері және ауа сүзгісі орнатылған. Мұның барлығы тыйым салынған өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланылған.

Полицейлер 16 түп қарасора өсімдігін тәркіледі, олардың жалпы салмағы 5 келіден асты. Бұдан бөлек, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған адамның ағзасынан каннабиноидтер қолданғаны анықталды.

Алдын ала деректер бойынша, ер адам биыл көктемде мессенджер арқылы тұқым сатып алып, үй жағдайында өзі өсіре бастаған. Оның айтуынша, өсімдіктерді ыдыстарға отырғызып, арнайы жабдықталған шатырда баптаған.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: