Ақтау тұрғынынан 20 түп қарасора тәркіленді

Ақтау тұрғынынан 20 түп қарасора тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 22:22 Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратураның үйлестіруімен жедел іс-шара өткізді. Нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғынынан бірнеше тыйым салынған заттар табылып, куәгерлердің қатысуымен тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың ішінде 20 түп қарасора, үш жарық шамы, екі желдеткіш, ыдысқа құйылған сұйықтық, электронды таразы, компрессор, есірткі затын тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: