Текелі тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 15:18 Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Текелі қаласының тұрғынынан бір келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, іс шеңберінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша сотпен санкцияланған тінту жүргізілді.

"27 жастағы тұрғынның үйін тінту барысында пакет, сондай-ақ есірткіге ұқсас заты бар алты газет бумасы табылды. Жүргізілген сараптама тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 1,3 келі болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Ер адам өзін ақтау үшін тәркіленген зат жеке қолдануға арналғанын айтқан", – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: