Жаңалықтар тізбегі
0

60 жастағы ер адам есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды

есірткі көлемі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 17:09 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Әуезов ауданының полицейлері және Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 келіден астам кептірілген марихуана мен 1 келіге жуық гашиш есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысының 60 жастағы тумасы Саин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындарының арызынан кейін жедел уәкілдердің назарына түсті. Арызданушылардың айтуынша, күдікті есірткі сатумен айналысқан, ол “тауарларды” тікелей гараждан таратып отырған. Г.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті құжатталған. Гаражды тінту барысында күдіктіден жасыл және қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар бір бума, сонымен қатар оқ-дәрі тәркіленді. Шөптің бір бөлігі оралып, сатуға дайын тұрған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келі 567,01 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Тағы бір қоңыр түсті зат – гашиш. Тәркіленген партияның салмағы 730,71 грамды құрады. Мәселе есірткінің үлкен партиясы туралы болып отыр. Ал табылған оқ-дәрі – 9 мм калибрлі жауынгерлік патрон, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы, 287-бабы 3-бөлімі бойынша сараланады. Ер адам қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: